11 Желт 2024
Без категории

Мектеп туралы

Өткенді білмей,

Қазіргінің мәнін,

Болашақтың мақсатын білу мүмкін емес.

М.Горький.

Мұғалім – қоғамның тамыршысы, бағыт-бағдар беруші тұлғасы. Әлі күнге дейін мұғалім көрсек, именіп тұратынымыз, мектеп табалдырығын аттаған сайын сол бала күнгідей көңіл күй мен толқуды бастан кешіретініміз жасырын емес. Ал мектеп – ұлт рухын тербеп тұрған киелі бесік. Отбасы мен мектептен алған тәрбие мен тағылым әр адамның өміріне берілген ең алғашқы жолдама іспеттес. Ұстаз бен мектеп мәртебесі туралы сөз қозғағанда Алаштың күн келбетті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген сөзі еріксіз еске түседі. Осы орайда, біз өз өлкеміздегі мектептердің тарихы туралы не білеміз деген сұрақ ойға оралатыны анық. 

Мектеп –халықтың рухани бесігі, ал мектеп тарихы гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар.

Қалам-Қарасу ауылында мектеп 1968 жылы ашылды. Бұл кішкентай ғана Қалам-Қарасу деп аталатын бастауыш мектебі болған. Дәл осы сәттен білім ордасының тарихы басталады. 1970- 1982 жылдары «Қалам-Қарасу » сегіз жылдық мектебі деп аталды. Сегіз жылдық алғашқы директоры қызметін Алин Қонақбай атқарды.

1982 -1990 жылы мектеп Қалам –Қарасу он жылдық мектебі болып өзгертілді. 1984 жылы орта мектеп мәртебесін алып алғашқы түлектерін шығарды.

Осы жылдары мектепте еңбек еткен ұстаздар Қабденова Р, Кәрімханов Қ, Сүлейменов М, Өтеулин Т, Қалиев С, Тануова Ж, Әбдіғалиев Б, Өтеулина Д, Темірғали М, Адаева К, Жұмабекова Д, Сұлтанов Т.

Әйгілі педагог Сухомлинский балаға нағыз тәрбиеші болу үшін, оған жүрегіңді беру керек деген. 1970-1980 жылдарды мектептің«Шығармашылық шарықтау»кезеңі деуге болады. Сол кезде энтузиазм,жігерлі жұмыс, шығармашылық рух, ізденіс және жалынды еңбек уақыт талабы болды. Мектептің материалдық — техникалық базасы жақсы жабдықталған болды. Мектепте комсомолдық және пионерлік ұйымдар жұмыс істеді. Бұл ұйымдар мұғалімдердің шығармашылық бастауымен ұйымдастырылды. Еңбек қабілетінің дамуына « Менің еңбегім Республикамның еңбегіне құйылады» деген ұран әсер етті. Оқушылар металл, макуллатура жинап, саябақты жабдықтауға, совхозда,еңбек және демалыс лагерінде жұмыс істеді. Мектептің ұзақ жолы – өшпес тарих,жасалған іс-әрекеттер, тұлғалар, әдет-ғұрыптар. Кеме — капитансыз болмайды демекші,мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар алтын әріппен сақталған.

1.Аппазов Исламбек 1968-1969 жылдар Қалам-Қарасу бастауыш мектебі

2.Рашитов Сағынтай 1969-1970 жылдар Қалам-Қарасу сегіз жылдық мектебі

3.Алин Қонақбай 1970-1975 жылдар Қалам-Қарасу сегіз жылдық мектебі

4.Садуов Талап 1975-1978 жылдар Қалам-Қарасу сегіз жылдық мектебі

5.Талғабеков Тұрған 1978-1982 жылдар Қалам-Қарасу сегіз жылдық мектебі

6.Қабденова Ырсалды 1982-1990 жылдар. 1983 жылдан бастап Қалам-Қарасу орта мектебі.

7.Стамқұлов Бөлтірік 1990-2001 жылдар Қалам –Қарасу орта мектебі

8.Әбдібаев Меңдібай 2001-2004 жылдар, 2003 жылдан бастап Қалам –Қарасу орта мектебі, Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі болып өзгертілді

9.Тұрмағамбетов Қанатбай 2004-2006 жылдар Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі.

10.Абдуллин Дастан 2006-2010 жылда Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі. 11.Құлтанов Жеңіс 2010-2013 жылдар Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі.

12.Абдуллин Дастан 2013-2017 жылдарында басқарды.

13. Кенжегалиев Данияр «Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі «КММ» 2017-2025 жыл аралығы

14. Аубакиров Берік 2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін басқарып келеді.

2000 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен Асарланып мектептің қабырғасы көтеріліп, салынды. Ал 2001 оқу жылынан бастап пайдалануға берілді. Сол уақытта мектеп директоры Әбдібаев Меңдібай болды. 2003 жылдан бастап мектепке жерлес ақын Ғафу Қайырбеков аты берілді.

Мектебім – алтын ұям. Әр адамның өмірінде бұл қымбатты сөз. Сан жылдар өтсе де, мектебің туралы естелік мәңгілікке өміріңнің жарқын парақтарындай есіңде сақталары сөзсіз. Білім әлеміне алғашқы қадамдарын басқан балғын бөбектерге ғылымның сырын ұқтырып, болашаққа жол бастайтын да — мектеп.Ал ұстаз сол әлемге жетелеуші. Биікке шығу қиын, ал сол биікте тұру одан да қиын. Мектеп ұстаздарының ақпаратын жұмыстарының жемісі – оқушының жеткен жетістігі. Осы оқушылардың осындай жетістіктерге жетуіне ықпал еткен мектеп мұғалімдері 1991 жылы алған ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері физика пәнінің мұғалімі Қабденова Рысалды, Жұмабекова Дәмежан бастауыш пәні мұғалімі. ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері 1992 жылы.

Осы уақытқа дейін құрмет пен зор алғысқа бөленген ардагер ұстаздарды мақтанышпен айтамыз. Аппазов. И, Талғабеков.Т, Алин.Қ, Әбдіғалиев.С, Абдрахманова. М ардақты ұстаздарымызды еске аламыз. Қазіргі таңда ардагер ұстаздарымыз Шіренова А, Айсағалиева Ж,Темірғалиев М, Қойбағарова К әріптестерімізді ерекше айта кетсек болады.

Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.

Демекші,осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап, аянбай білім нәрін оқушыларға ұялата білген, үлкен өмірге жол сілтеуші мұғалімдер мектепте  дәріс беруде. Олар:Ахатова М, Абишева А, Меңдібаева Л, Абилова Г, Мукашева Ф, Тұрмағамбетов Қ.

Мектебіміздің үздік аттестат иегерлері:

  1. Қапар Әсел Махмұтқызы «үзік аттестат»-1994 жыл
  2. Каримханова Бибігүл Қойшыбекқызы «үзік аттестат»-1995 жыл
  3. Бержанова Гүлсана Бержановна «үзік аттестат»- 1998 жыл
  4. Сағитова Айым « Алтын белгі» иегері-2020 жыл
  5. Жақсылық Тоғжан « Алтын белгі» иегері-2020жыл
  6. Мияссар Илияс Медетұлы  «үзік аттестат»-2023 жыл
  7. Жақсылық Жансырым Алмасұлы-2023 жыл
  8. Молжігіт Айжан Маратқызы -2024 жыл
  9. Жақсылық Жанкүміс «Алтын белгі»-2025жыл
  10. Сабырова Инабат «Алтын белгі-»2025 жыл

Мектептің педагогикалық ұжымы заман ағымына сай заманауи әдістерді, технологияларды, жаңа көзқарастарды енгізіп, ілгері жылжып келеді.

 Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай облысы білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі халқымыздың кемел келешегіне адал қызмет етіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім, тәлімді тәрбие беру ісіндегі ерен еңбегі үшін физика пәнінің мұғалімі Ахатова Мирамкүл Қабыкенқызы , Мукашева Фарида Миясаровна, Калиева Гулим Жусупхановна марапатталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай жас мамандарға ақылшы,үлгі тәлімгер болатын тәжірбиелі ұзтаздарды мектебіміз әрқашан мақтан тұтады.

Мектеп мақтаныштары:

  1. Қонысбаев Әмір Қонысбайұлы 1959 жылы туған.1976 жылы Қалам-Қарасу сегіз жылдық мектебін бітірген. Қазіргі таңда Жангелдин ауданы Жаркөл ауылының әкімі қызметін атқарады.
  2. Бүркітбаев Марат 1960 жылы туған. Осы мектептің түлегі. Қазіргі таңда Қостанай облысы, Таран ауданы, Вачасов орта мектебінің директоры.
  3. Шайымов Жалғасбек 1961 жылы туған. Жангелдин ауданы теле мұнарасының басшысы қызметін атқарады.
  4. Жаңабергенов Нұрлыбек Сәменұлы.7.05.1960 жылы –мал дәрігері,экономист қоғам қайраткері. Алматы зоо-техн-малдәрігерлік институтын бітірген. Қазіргі уақытта 2013 жылдан бастап «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамында филиал директорының орынбасары болып қызмет істеді.
  5. Қойбағаров Емберген Сағитұлы 17.02.1959жылы туған. 1974 жылы сегіз жылдық бітірген. 1982 жылы АрПИ- бітірген , кандидат спорт шебері атағын алған. Қазіргі таңда Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласы Балуан Шолақ атындағы лицейінде мұғалімдік қызмет атқарады.
  6. Аубакиров Қанат Байдрахманұлы 17.12.1967 жылы туған. 1985 жылы Қалам Қарасу орта мектебін бітірген. Қазіргі уақытта Жангелдин ауданының статистика басқармасының басшысы қызметін атқарады.
  7. Аубакирова Қалдыгүл Байдрахманқызы 06.04.1971 жылы туған. 1988 жылы Қалам Қарасу орта мектебін бітірген. Қазіргі уақытта Ақмола облысы Шортанды ауданы Степной орта мектебінің директорықызметін атқарады
  8. Макашев Жасулан Кенжебаевич 1976 жылы туған. 1993 жылы Қалам –Қарасу орта мектебін бітірген. Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімінің полиция капитаны.
  9. Мұқаш Мейрамкүл Мәлікқызы 7.11.1975жылы туған. Қалам –Қарасу орта мектебіні 1992 жылы бітірген.1995 жылы «Арқалық политехникумын» бітірген. 2005 жылдан бастап «Жангелдин ауданының Қалам-Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-інде қызмет атқарады.
  10. Бержанова Гүлсана Бержановна 02.05.1981 жылы туған. Осы мектепті 1998жылы үздік бітірген. 1998-2002 ж-Арқалық пед институты.мамандық :Экономика және құқық негіздері. 2006 ж бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бизнес және карьера бөлімінде бас маманы қызметін атқарады.
  11.  Баяхметова Қаламқас Берікқызы 12.12.1992 жылы туған.2010 жылы Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебін бітірді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, 2014 жылы математика бакалавры мамандығын үздік дипломмен бітірген.2014 жылдан бастап Арқалық қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі.
  12. Мектебімізді «Үздік диплом» иегерлері.

1.Бержанова Гүлсана Бержановна

2.Баданов Бауыржан Болатбекұлы

3.Сейдахметова Айнұр Жұмабекқызы

4.Баяхметова Қаламқас Берікқызы

2009-2010 оқу жылында Сағит Оразкүл Дүйсенбайқызы облыстық «Абай оқулары» байқауының І орын иегері. 2014-2015 оқу жылында Байдрахманова Айнұр Шүкірқызы «Ясауитану» облыстық конкурсына қатысып І орын иеленді. Республикаға жолдама алып, Республикалық «Ясауитану» байқауының қатысушысы. Жетекшісі: Тұрмағамбетов Қанатбай алғыс хатпен марапатталды.

2014-2015 оқу жылында спорт саласында облыстық көлемдегі волейбол ойынынан чемпиондар Дәуір Асылбек, Сайлау Ерлік, Ахмедия Шалқар. Жаттықтырушысы: Мақашов Айбек.

2015-2016 оқу жылында Дәуір Алтынай Дәуірқызы «Жарқын болашақ» VІІІ облыстық КАТЕV байқауының «Әнші бұлбұлдар» бөлімінің ІІІ орын иегері.

Жетекшісі: Қойбағарова Күлшира алғыс хатпен марапатталды.

2017-2018 оқу жылында мектебімізден «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатындағы «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы» Республикалық конкурсында «Баймырза ата кесенесін» зерттеп, 7 сынып оқушысы Сағит Әділет Кенжетайұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мырзағалиева Айгүл.

Міне,бұл біздің мектептің қысқаша өмірбаяны, бірақ тарихымыз әрбір оқушы мен ұстазда өз жалғасын табады.Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің ең басты байлығы.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар